БҚО-да сейф ұрламақшы болған ер адам видеоға түсіп қалды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
29 маусымға қараған түні қаладағы кеңселердің біріне белгісіз біреу кіріп,кеңседен темір сейфті көтеріп алып кеткен.
"Сейф ішінде 1 миллионға жуық қаражат болған. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған іске қатысы бар деген күдікпен 26 жастағы облыс тұрғыны анықталып,ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Ұрланған сейф тәркіленді",- делінген хабарламада.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.