Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді Ақорда резиденциясында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің кортежін өзі күтіп алды.
"Мәртебелі мейманның құрметіне Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің ұшақтары Қытай туымен түстес қызыл,сары жолақ із қалдырып,ұшып өтті",- делінген хабарламада.
Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырған.
Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп,екі елдің әнұрандары орындалды. Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.