Қаржыландыру

Тоқаев: Қытай - біз үшін тату көрші ғана емес, жақын досымыз

Jul 4, 2024 IDOPRESS
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин шағын құрамда келіссөз жүргізді,- деп хабарлайды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин шағын құрамда келіссөз жүргізді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин шағын құрамда келіссөз жүргізді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент,ең алдымен,шақыруын қабыл алып,елімізге мемлекеттік сапармен келгені үшін Си Цзиньпинге ризашылығын білдірді.

"Сіздің сапарыңыздың мән-мағынасы өте зор,ерекше деп айтуға болады. Қытай Халық Республикасы – тату көрші,маңызды стратегиялық серіктес әрі басты одақтас мемлекеттің бірі. Берік достыққа және өзара қолдауға негізделген қазақ-қытай қарым-қатынасы бұрын-соңды болмаған қарқынмен дамып келе жатыр. Мен мұны үлкен қуанышпен атап өтемін. Сіз Қазақстан мен Қытайдың мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестігін нығайтуға зор үлес қостыңыз. Мұны жоғары бағалаймыз. Екі елдің ынтымақтастығын халықтарымыздың игілігі үшін жаңа деңгейге көтеру қажет деген бастамаңызды толық қолдаймын. Бүгінгі басқосуымызды осының айқын дәлелі деуге болады",– деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев барлық бағыт бойынша қарқынды дамып келе жатқан қазақ-қытай ынтымақтастығының жай-күйін жоғары бағалады.

"Қытай – біз үшін тату көрші ғана емес,жақын досымыз әрі уақыт тезінен өткен сенімді серіктесіміз. Біз ортақ тарихтың,тату көршілік қатынастардың және өзара қолдаудың мызғымас құндылықтарына сүйене отырып,шын мәнінде үлгі етерлік мемлекетаралық қатынасты жолға қойдық. Жылдан-жылға өзара байланыстарымыздың мазмұны байып келеді",– деді Мемлекет басшысы.