Синоптиктер ертең,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ұлытау облысында оңтүстік-батыстан жел соғады,күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі,облыстың солтүстігінде,шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қарағанды облысының шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады,күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында,орталығында жоғары өрт қауіпі,облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қызылорда облысында жел батыстан,оңтүстік-батыстан соғады,түнде облыстың орталығында,солтүстігінде,оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады.
Маңғыстау облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың жағалауында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады,күндіз облыстың солтүстік-батысында,солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде қатты ыстық 38 градус күтіледі. Облыстың солтүстігінде,оңтүстік-шығысында,орталығында төтенше өрт қауіпі,облыстың солтүстік-шығысында,батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Ақмола облысының батысында,оңтүстігінде найзағай,күндіз бұршақ,дауыл күтіледі. Оңтүстіктен,оңтүстік-батыстан жел соғады,облыстың батысында,оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с,күндіз кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысының батысында,орталығында найзағай,дауыл күтіледі. Жел батыстан,солтүстік-батыстан соғады,орталығында 15-20,күндіз екпіні 23 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының батысында,шығысында найзағай,бұршақ,дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады,күндіз облыстың батысында,шығысында 15-20,екпіні 23 м/с.
Атырау облысының батысында,оңтүстігінде,шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр,найзағай,дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады,найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының батысында,оңтүстігінде найзағай күтіледі. Батыстан,оңолтүстік-батыстан жел соғады,найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында,оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр,дауыл күтіледі. Облыстың батысында,орталығында найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен,күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында,солтүстігінде найзағай,күндіз найзағай,оңтүстігінде бұршақ,түнде облыстың батысында,солтүстігінде екпіні 15-20 м/с,күндіз күші 15-20,екпіні 25 м/с.
Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады,Алакөл көлдері ауданында 15-20,екпіні 25 м/с. Күндіз Жетісу облысында 35-37 градус қатты ыстық сақталады.
Астанада күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстіктен,күндіз екпіні 15-20 м/с.
Павлодар облысының оңтүстігінде,шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады,найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында,орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады,найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
Қостанай облысында солтүстігінде,батысында найзағай,дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады,күндіз 15-20,екпіні 23 м/с күтіледі.
Алматы облысының солтүстігінде,таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстын жел соғады,найзағай кезінде екпіні 18-23 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 36 градус қатты ыстық сақталады.
Алматыда кей уақыттарда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстын жел соғады,найзағай кезінде екпіні 18 м/с.