Қаржыландыру

"Өлетін шығармын деп ойладым": Қазақстандық қыз Астанадағы алапат өрт туралы айтты

Jun 25, 2024 IDOPRESS
22 маусымда елордада Rixos Khan Shatyr Residences тұрғын үй кешенінде өрт шықты. Өрт 250 шаршы метр аумақты шарпыған. Әлеумет

22 маусымда елордада Rixos Khan Shatyr Residences тұрғын үй кешенінде өрт шықты. Өрт 250 шаршы метр аумақты шарпыған. Әлеуметтік желілерде эмоциясы туралы әңгімелеген қазақстандық қыздың видеосы тарады. Толығырақ - Tengri Life материалында.

22 маусымда елордада Rixos Khan Shatyr Residences тұрғын үй кешенінде өрт шықты. Өрт 250 шаршы метр аумақты шарпыған. Әлеуметтік желілерде эмоциясы туралы әңгімелеген қазақстандық қыздың видеосы тарады. Толығырақ - Tengri Life материалында.

27 жастағы Сәния Шаяхметова TikTok желісінде қолданушылардың назарын аударған видео жариялады. Оның айтуынша,ол 22 маусымда достарына қонаққа келген,бірақ жиынға бір сағаттай кешікенін айтты. Ол бұл тұрғын үй кешеніне бірінші рет келген.

@saniyashayakhmetova

подробнее в сторис в инст: shaya71 я опоздала туда на 1 час,пожар начался почти сразу как я пришла в гости 😟

♬ original sound - &lt33

Қыздың достары 19-қабатта тұрады.

"Өрт шамамен 15-20 минуттан кейін басталды,пәтерге көтерілгенім сол болатын. Басында бұл оқу-жаттығу дабылы сияқты көрінді. Бірақ олай емес болып шықты. Нәтижесінде бәріміз баспалдақпен төмен түстік. Шамамен 7-қабатқа жеткенде қатты күйік иісін сездім. Тыныс алу қиындай бастады,аузым мен өкпем "өртенгендей болды". Пәтерден 5 минут кейін шықсақ,төменге жетіп үлгерер ме едік?" - дейді ол.

Қыздың айтуынша,дүрбелең болмаған.

"Төменгі қабаттарда бізбен бірге шыққан көршілер саны көбейді. Бірінші қабаттағы есік жабық болып,дүрбелең басталса не істейміз деп уайымдадым. Бақытымызға орай,екінші қабатта бізді құтқару қызметінің өкілдері күтіп тұрды,көңілім орнына түсіп,бұл жерде жалғыз емес екенімізді және көмек болатынын түсіндім",- деп қосты Сәния Шаяхметова.

Сондай-ақ,Сания достарының үйіндегі жиынның болмай қалғанын атап өтті. Бойжеткен осы оқиғадан кейін өмірдің қадірін тағы да түсінгенін айтты.

"19-қабаттан 1-қабатқа түстік. Біздің өміріміз қаншалықты нәзік және ештеңе қолымызда емес екенін ойладым. Мен бұл тұрғын үй кешенінде тұрмаймын,бірақ дәл осы күні сонда болдым. Шынымды айтсам,осы жерде өлетін шығармын деп ойладым. Осы оқиғадан кейін өмірді саналы түрде өткізіп,әр күннен ләззат алғым келеді",– деп түйіндеді Сәния.