Батыс Қазақстан облысында оқтан жараланған полицей жансақтау бөліміне жеткізілді. Алдын ала мәлімет бойынша,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан ПД баспасөз қызметі оқиғаға қатысты былай деп пікір білдірді:
"Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қазіргі уақытта полиция қызметкері жансақтау бөлімінде жатыр. Өзге мәліметтер,ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес,жарияланбайды".
Батыс Қазақстан Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше,103 пультіне оқ жарақаты туралы ақпарат сағат 07:41-де түскен.
"Жедел медициналық жәрдем бригадасы 2003 жылы туған ер адамды облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізді. Науқас шұғыл түрде операцияға жатқызылды. Қазіргі уақытта ол реанимацияда. Жағдайы ауыр",- деді БҚО денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.