itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

1
Көрме әлемнің 30 елінен келген 240-тан астам қатысушы мен халықаралық серіктестердің басын қосты. 120-дан аса павильонда орнықты даму саласындағы озық бастамалар көпшілік назарына ұсынылды.
Мемлекет пен бизнес арасындағы диалог алаңына айналған инвестициялық форум ерекше маңызға ие.
Экспозицияда орнықты даму мен экологияның өзекті мәселелері талқыланатын халықаралық кездесулер,сарапшылар арасындағы пікірталастар өтіп жатыр.
Сондай-ақ инновациялық жобалар мен жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған "Жасыл" стартаптардың байқауы ұйымдастырылды.
Меймандар аймақ елдері дизайнерлерінің туындылары мен экологиялық кино фестивалін тамашалай алады.