itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

"Қазгидромет" синоптиктері 9,10 және 11 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды,деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Болжамға сәйкес,алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады,жаңбыр жауады.
"9 сәуірде республиканың солтүстік-батысында,солтүстігінде,оңтүстік-шығысында,10 сәуірде батысында,оңтүстік-шығысында найзағай ойнап,бұршақ жауып,екпінді жел соғады,қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік-батыста және солтүстікте түнде жауын-шашын (жаңбыр,қар),11 сәуірде түнде елдің шығысында қар жауып,боран,көктайғақ болады",- деді синоптиктер.
Мамандар Қазақстан бойынша желдің күшеюі,түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі деп болжап отыр.
Қазақстанның солтүстігінде,солтүстік-батысында,орталығында және шығысында ауа температурасы түнде 0...+8 градустан 0...+5 градусқа дейін,күндіз +10...+23 градустан +7...+15 градусқа дейін төмендейді деп күтіліп отыр.
Ал елдің қалған аумағында температуралық фон көктемгідей жайлы болады болжанған.