Білім

Иранда жұмыс істеп жүрген қазақстандықтар Армения арқылы эвакуацияланды

Mar 9, 2026 IDOPRESS
itemprop=\"image\" itemscope itemtype=\"http://schema.org/ImageObject\"> Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі құзырлы органдармен бірлесіп

itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі құзырлы органдармен бірлесіп,Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағынан азаматтарымызды елге қайтару жұмыстарын жалғастырып жатыр. Эвакуация басталғалы бері 4700-ден аса қазақстандық елге оралды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әуе рейстерінен бөлек,азаматтарымызды құрлық жолымен де шығарып жатыр.

"6 наурызда ҚР шетелдегі мекемелері "Заркух" компаниясының 7 қызметкері – ҚР азаматтарының Иран-Армения шекарасына шығуын ұйымдастырды. Алдын ала ақпаратқа сәйкес,"Заркух" компаниясы қалған 16 қазақстандықты да осы бағыт бойынша эвакуациялауды жоспарлап отыр. Жалпы Ираннан бүгінге дейін 66 Қазақстан азаматы елге қайтарылды",- деп хабарлады СІМ.

Ведомство өкілдері өңірдегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері жергілікті жерде іс-қимылды үйлестіруді жалғастырып,отандастарымызбен тұрақты байланыста екенін де атап өтті.

Бұған дейін Ирандағы қазақстандықтарды төрт ел арқылы шығару жоспарланып отырғаны туралы жазған едік.