Білім

10 шілдеде Алматының бір бөлігінде су ажыратылады: тізім

Jul 10, 2025 IDOPRESS

Дина Шарипханова

Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының бірнеше шағынауданының тұрғындары жоспарлы профилактикалық жұмыстарға байланысты бір күн сусыз қалады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматы Су" ақпаратына сүйенсек,сумен жабдықтау нысандарындағы технологиялық жабдықтарды ауыстыруға байланысты 10 шілде сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін суды өшіру жоспарланып отыр.

Тұрғын үйлерде,әкімшілік ғимараттарда,Саин көшесі - әл-Фараби даңғылы - Үлкен Алматы өзені - Рысқұлбеков көшесі аумағындағы денсаулық сақтау және білім беру нысандарында да суық су болмайды:

Орбита-1,2 және 3 шағынаудандары;

№ 4 емхана;

Навои көшесіндегі №15,№20,№25а,№25б,№39 балабақшалар;

"Байтал","Шолпан Сити","Төле би Тау","Шахристан","Сезім","Верный" тұрғын үй кешендері,Науаи көшесіндегі тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттар,осы көшелердегі жеке үйлер.

Қосымша ақпаратты 274-66-66 телефоны арқылы алуға болады.