
Дина Шарипханова
Корреспондент



ПОДЕЛИТЬСЯ







Мемлекет басшысы Астанадағы АӨСШК штаб-пәтеріне барды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Президент елордада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) штаб-пәтерінің ашылу рәсіміне қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен АӨСШК бас хатшысы Қайрат Сарыбай Ұйымның негізгі кеңсесіндегі ескерткіш тақтаны салтанатты түрде ашты. Содан кейін Құрмет қарауылы ротасы АӨСШК туын көтерді.

Мемлекет басшысы жаңа штаб-пәтердегі жұмыс кабинеттерін,open space аумағын,аудармашылар кеңсесін,төрағалық залын және музей-кітапхана бөлмелерін аралап көрді.
