Тоқаев эндаумент-қорлар туралы заңға қол қойды

Jul 1, 2025 IDOPRESS
Дина Шарипханова Корреспондент ПОДЕЛИТЬСЯ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев эндаумент-қорлар тура

Дина Шарипханова

Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев эндаумент-қорлар туралы заңға қол қойды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нысаналы капитал қорларының және эндаумент-қорлардың (нысаналы капиталдардың) қызметі,сондай-ақ Арал маңының қазақстандық бөлігінің экологиялық қолайсыз аумағы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды",- делінген хабарламада.

Эндаумент-қор – бұл бірден жұмсалмайтын,арнайы сақталатын ақша немесе басқа мүлік. Ол қаражат инвестицияланады,яғни табыс табу үшін жұмыс істейді. Ал осы түскен табыс есебінен маңызды әрі ұзақ мерзімді жобалар қаржыландырылады. Бұл ретте қордың негізгі капиталына тиіспейді – ол "мәңгілік" жұмыс істеп тұрады.