Білім

Алматыда полиция фестиваліне байланысты жолдар жабылады

Jun 27, 2025 IDOPRESS
Дина Шарипханова Корреспондент ПОДЕЛИТЬСЯ Алматыда фестивальге байланысты көлік қозғалысы жабылады,

Дина Шарипханова

Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда фестивальге байланысты көлік қозғалысы жабылады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан полициясы күніне арналған "Полиция – Ел қорғаны" фестиваліне байланысты 27 маусымда сағат 19:00-ден 23:00-ге дейін Республика сарайына іргелес аумақта көлік қозғалысына жартылай шектеу қойылады.

Шектеулер қолданылады:

Достық даңғылы бойымен – Құрманғазы көшесінен Сәтбаев көшесіне дейін (екі бағытта);

Абай даңғылы бойымен – Достық даңғылынан Назарбаев даңғылына дейін (екі бағытта).

Жүргізушілерден өз бағытын алдын ала жоспарлау және уақытша шараларға түсіністікпен қарау сұралды.