Алматыда Райымбек даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады

Jun 11, 2025 IDOPRESS
Дина Шарипханова Корреспондент ПОДЕЛИТЬСЯ Алматыда Райымбек даңғылының кейбір бөлігінде қозғалыс уа

Дина Шарипханова

Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Райымбек даңғылының кейбір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматының Алмалы ауданында 1994 жылы пайдалануға енгізілген құбыржолды жөндеу себебімен Райымбек даңғылының бойымен қозғалыс уақытша шектеледі.

"13 маусым сағат 23:00-ден бастап 14 маусым сағат 08:00-ге дейін Райымбек даңғылы бойымен Н. Тілендиев көшесінен Брусиловский көшесіне дейін шығыс бағытында автокөліктер қозғалысы жартылай шектеледі. Батыс бағытына қарай қозғалыс ашық қалдырылады",- делінген хабарламада.