Білім

Қуандық Бишімбаев амнистияға іліге ме? Бас прокуратура жауабы

Jun 11, 2025 IDOPRESS

Дина Шарипханова

Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев амнистияға ілінуі мүмкін бе деген сұраққа жауап берді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шындалиевтың айтуынша,адам өліміне алып келген қылмыстар үшін сотталғандарға амнистия қолданылмайды.

"Ілікпейді (Бишімбаевқа – еск.). Біз жаңа ғана депутаттармен жол-көлік оқиғалары бойынша талқыладық. Депутаттар абайсызда адам өлімі болған жағдайда кінәлілерге амнистия қолдануға бола ма деп сұрады. Заң жобасын әзірлеушілердің ұстанымы – адам өліміне алып келген барлық қылмыс амнистияға ілікпеуі керек",– деді Бас прокурордың орынбасары Мәжіліс кулуарында.