8 маусымда Алматының орталық көшелері уақытша жабылады

Jun 9, 2025 IDOPRESS
Дина Шарипханова Корреспондент ПОДЕЛИТЬСЯ Алматыда 8 маусымда сағат 21:30-дан 22:45-ке дейін бірнеше орталы

Дина Шарипханова

Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 8 маусымда сағат 21:30-дан 22:45-ке дейін бірнеше орталық көшеде көлік қозғалысы шектеледі,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

7 және 8 маусым күндері Алматыдағы Абай алаңында сағат 17:30-дан 22:30-ға дейін заманауи этникалық музыкаға арналған жыл сайынғы халықаралық The Spirit of Tengri фестивалі өтеді.

"8 маусымда сағат 21:30-дан 22:45-ке дейін халықаралық музыкалық фестиваль аясындағы іс-шараларға байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі: Абай даңғылы бойынша Назарбаев даңғылынан Достық даңғылына дейін,сондай-ақ,Достық даңғылы бойында Құрманғазы көшесінен Сәтбаев көшесіне дейін",- делінген хабарламада.