Трамп 12 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салды

Jun 5, 2025 IDOPRESS
Дина Шарипханова Корреспондент ПОДЕЛИТЬСЯ АҚШ Президенті Дональд Трамп 12 елдің азаматтарына АҚШ-қа кі

Дина Шарипханова

Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ Президенті Дональд Трамп 12 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге толық тыйым салатын жарлыққа қол қойды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Сыртқы саясатты,ұлттық қауіпсіздікті және АҚШ-тың терроризмге қарсы күрес мақсаттарын ескере отырып,келесі 12 елдің азаматтарына кіруге толық тыйым салу және шектеу енгізуді шештім: Ауғанстан,Мьянма,Чад,Конго Республикасы,Экваторлық Гвинея,Эритрея,Гаити,Иран,Ливия,Сомали,Судан және Йемен",– делінген құжатта.

Жарлықта бұл шектеулер АҚШ-қа иммиграциялық және бейиммиграциялық визалар бойынша келетін шетелдіктерге қатысты екені нақтыланған.

Сондай-ақ,Трамп жеті елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге ішінара шектеу қойды. Олардың қатарында Куба,Түрікменстан және Венесуэла бар.

"Келесі жеті елдің азаматтарына ішінара тыйым салу және шектеу енгізуді шештім: Бурунди,Куба,Лаос,Сьерра-Леоне,Того,Түрікменстан және Венесуэла",– делінген құжатта.

Шектеулердің сипаты әртүрлі болғанымен,олар иммиграциялық және бейиммиграциялық визаларға да қолданылады.