ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстандық сейсмологтар Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 434 шақырым қашықтықта жер сілкінісін тіркеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығының сайтына сілтеме жасап.
"ТЖМ "ҰССБЗҒО" ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі 24 мамыр күні Астана уақытымен 05:25-те жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында орналасқан. Координаттары: 41.050 с.е.,72.533 ш.б. Есептік қарқындылығы (балмен): сезілмейді",– делінген хабарламада.
Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институтының мәліметінше,магнитудасы 3,9 болатын зілзаланың эпицентрі Қырғызстан аумағында,Тоскоол ауылынан солтүстік-батысқа қарай 10 шақырым және Жалал-Абад қаласынан солтүстік-батысқа қарай 45 шақырым жерде орналасқан.
Қырғызстанның елді мекендерінде жер сілкінісінің қарқындылығы мынадай болды:
Тоскоол ауылы мен Майлуу-Суу қаласында – шамамен 3,5 балл,
Кара-Булак ауылында – 3 балл,
Гелеген ауылы,Массы және Уч-Булак қалаларында – 2,5 балл.