Алматылықтардан “әкімдіктен Галинаның“ хабарламаларына жауап бермеу сұралды

Apr 14, 2025 IDOPRESS
ПОДЕЛИТЬСЯ Алматы әкімдігі тұрғындарға алаяқтық туралы ескертті,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімдігі тұрғындарға алаяқтық туралы ескертті,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімдік мәліметінше,WhatsApp мессенджерінде Алматы әкімдігінің қызметкері Галина Маленкованың атынан +7 747 43 87 680 нөмірі бойынша жалған хабарламалар тарап,қоңыраулар түсіп жатыр.

"Ресми түрде мәлімдейміз: Бұл тұлға әкімдіктің қызметкері емес. Бұл алаяқтық!Сіздерден өтінеміз: мұндай хабарламаларға жауап бермеңіздер күдікті сілтемелерге өтпеңіздер өздеріңіздің жеке деректеріңізді жібермеңіздер. Сақ болыңыз және тек ресми ақпарат көздерінен алынған ақпаратқа сеніңіз",- делінген хабарламада.

Күдік туындаған жағдайда-құқық қорғау органдарына хабарласуға кеңес берілді.