ПОДЕЛИТЬСЯ
Астана тұрғыны әлеуметтік желіде қонақүйлердің біріндегі тұрақ үшін есептелген қомақты соманы көрсетті,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Кадрдан автотұрақ үшін төлем сомасы 872 мың теңге болғаны көрінеді,бұл көлік иесінің таңданысын тудырған.
Қонақүй әкімшілігі бұл жағдайға байланысты ешбір клиент әкімшілікке жүгінбегенін және аталған немесе осыған ұқсас шоттың төленгені туралы ақпараттың жоқ екенін хабарлады.
"Қонақүйде автоматтандырылған автотұрақ жүйесі жұмыс істейді. Көлік кірген кезде жүйе нөмірді оқиды және кірген уақыт көрсетілген талон береді. Тегін тұрақ 10 минуттан аспауы керек",– деп түсіндірді әкімшілік.
Әкімшілік бұл жағдайға техникалық ақау себеп болуы мүмкін деп есептейді. Мысалы,жүйе нөмірді қате оқыған болуы мүмкін.
Сондай-ақ,көліктің тұрақтан шыққанын жүйе тіркемеген жағдай болуы да ықтимал. Бұл жүргізуші басқа көліктің артынан төлемей шығып кеткен жағдайда болуы мүмкін. Мұндай жағдайда жүйе көлік әлі тұрақта тұр деп есептеп,уақыт санауды жалғастыра береді.
Көлік иесінен мән-жайды білмек болған едік,бірақ байланысқа шыға алмадық.