Алматыда жарты жыл бұрын жоғалып кеткен тұрғын аман-есен табылды

Apr 7, 2025 IDOPRESS
ПОДЕЛИТЬСЯ 2024 жылғы қыркүйекте Алматыда жоғалып кеткен ер адам тірі және аман-есен табылды. Бұл туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

2024 жылғы қыркүйекте Алматыда жоғалып кеткен ер адам тірі және аман-есен табылды. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram-парақшасында хабарлады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қожбанов Жігер Жалғасбекұлы,1983 жылы туған,2024 жылғы қыркүйектің ортасында жоғалып кеткен. Ер адам Әуезов ауданы,Жетысу-2 шағынауданы,50-үй мекенжайынан шығып кеткеннен кейін байланыс үзілген.

Сыртқы белгілері: бойы – 165-170 см,орта денелі,шашы қара,көзі қоңыр,мойнында тыртық бар.

Еріктілердің мәліметінше,жоғалған ер адамды 2025 жылдың 3 сәуірінде полицейлер Алматы облысы аумағынан тапқан. Іске қатысты басқа мәліметтер жарияланған жоқ.