Қазақстанның оңтүстігінде тұрғындар жер сілкінісін сезді

Mar 12, 2025 IDOPRESS
ПОДЕЛИТЬСЯ Қазақстандық сейсмологтар еліміздің оңтүстігінде 11 наурызға қараған түні жер сілкінісін т

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық сейсмологтар еліміздің оңтүстігінде 11 наурызға қараған түні жер сілкінісін тіркеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 11 наурызда Астана уақытымен сағат 01.26-да жер сілкінісін тіркеді.

"Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан мен Қытай шекарасында орналасқан",- деп жазылған хабарламада.

Жетісу облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласында 2 балл болып сезілген.

ТЖМ мәліметінше,зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түспеген.