Білім

Шетелдіктерге Қазақстанда тұруға заңсыз рұқсат рәсімдеген күдіктілер әшкере болды

Feb 24, 2025 IDOPRESS
ПОДЕЛИТЬСЯ Қызылорда облысында заңсыз көші-қон арнасының жолы кесілді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облысында заңсыз көші-қон арнасының жолы кесілді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға күдікті бір топ адамның әрекетінің жолын кесті.

"Алдын ала деректер бойынша,олар жақын шетел азаматтарына Қазақстанда уақытша тұруға 80-нен астам заңсыз рұқсат ресімдеген. Тінту барысында заттай дәлелдемелер тәркіленген",- делінген хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 251-бабы 1-бөлігі,394-бабының 2-бөлігі және 366-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.