Тоқаев Шри-Ланка президентін құттықтады

Feb 6, 2025 IDOPRESS
ПОДЕЛИТЬСЯ Мемлекет басшысы Шри-Ланка Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады,- деп хабарлайды Tengrine

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Шри-Ланка Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Анура Кумара Диссанаяке мен оның отандастарын ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Президент жеделхатында Шри-Ланканың орнықты даму және халықаралық беделін нығайту жолында айтарлықтай табысқа қол жеткізгенін атап өтті.

"Қазақстан Шри-Ланкамен қарым-қатынасты одан әрі тереңдетуге баса мән береді. Елдеріміз арасындағы дәстүрлі достық пен берік ынтымақтастық болашақта да халықтарымыздың игілігі үшін дами түсетініне кәміл сенемін",– делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Анура Кумара Диссанаякенің жауапты қызметіне толағай табыс,ал Шри-Ланка халқына құт-береке тіледі.