Білім

Тұман және қатты жел: Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды

Jan 26, 2025 IDOPRESS

Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты 26 қаңтарға дауылды ескерту жарияланды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты 26 қаңтарға дауылды ескерту жарияланды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін,26 қаңтарда екпіні секундына 15-20 метрге дейін баратын қатты жел Қызылорда,Шығыс Қазақстан облыстары мен Абай облыстарында күтіледі.

Жетісу облысында желдің екпіні секундына 23-28 метрге жетуі мүмкін.

Синоптиктердің болжамы бойынша Ұлытау облысында екпіні секундына 23 метрге дейін жел соғады.

Ақтөбе,Қостанай,Түркістан,Маңғыстау облыстары мен Ақтау қаласында тұман күтіледі.

Жамбыл облысы мен Таразда екпіні секундына 23-28 метрге дейінгі жел мен тұман түседі деп күтіледі.

Айта кетейік,бұған дейін "Қазгидромет" Астана,Алматы және тағы 8 қала тұрғындарына ескерту жасаған еді.