Боран және аяз - Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады?

Jan 9, 2025 IDOPRESS
Қазгидромет Алматы мен Астанада 9-11 қаңтар аралығындағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады,- деп х

Қазгидромет Алматы мен Астанада 9-11 қаңтар аралығындағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазгидромет Алматы мен Астанада 9-11 қаңтар аралығындағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанаға арналған ауа райы болжамы

9 қаңтарда Астанада ауыспалы бұлтты ауа райы күтіледі,түнде аздаған қар жауады. Бұрқасын соғады. Жел оңтүстік-батыстан,жылдамдығы 9-14,кейде екпіні 15-18 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде -19...-21°C,күндіз -5...-7°C.

10 қаңтарда ауыспалы бұлтты,жауын-шашынсыз,бұрқасын болады. Жел оңтүстік-батыстан,жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -8...-10°C,күндіз -5...-7°C.

11 қаңтарда ауыспалы бұлтты,жауын-шашынсыз болады. Жел оңтүстік-батыстан,жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -10...-12°C,күндіз -5...-7°C.

Алматыға арналған ауа райы болжамы

9 қаңтарда Алматыда ауыспалы бұлтты,жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей уақытта тұман,жолдарда көктайғақ. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -11...-13°C,күндіз -1...-3°C.

10-11 қаңтарда ауыспалы бұлтты,жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең кей уақытта тұман,жолдарда көктайғақ. Жел екпіні 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -10...-12°C,күндіз 0...-2°C.