Биыл қыркүйек ортасында жоғалып кеткен Алматы облысының тұрғыны аман табылды. Бұл туралы Lider.kz сайтының волонтерлері Instagram парақшасында жазды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сипаттамаға сәйкес,1995 жылы туған Бақытжан Ғазизоллаұлы Жұбанов 17 қыркүйекте туған күні үйінен шығып кеткен. 29 жастағы жігіт сағат 18:00-де Жамбыл ауданы Қазыбек бек ауылы,Абай көшесі,14-үй мекенжайы бойынша үйінен шығып кеткен.
Белгілері: бойы 170-175 сантиметр,дене бітімі орташа,шашы қара,қысқа,көзі қоңыр.
Еріктілердің айтуынша,жоғалған адам 20 желтоқсанда табылған. Басқа мәліметтер әлі нақтыланған жоқ.