Қырғызстанда түнде жер сілкінісі болды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан ГЗИ ҰЯО Ұлттық деректер орталығы мәліметінше,20 қарашада Астана уақытымен 03:53-те Қырғызстан аумағында жер сілкінісі тіркелді. Жер асты дүмпулерінің магнитудасы - 4,6.
Қазақстан ТЖМ мәліметінше,жер сілкінісінің эпицентрі Қырғызстан аумағында,Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 689 шақырым қашықтықта орналасқан. Қазақстан аумағында жер асты дүмпулері сезілмеген.
Еске салайық,5 қарашада таңертең Алматы облысы мен Алматы қаласында жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында,Алматыдан шығысқа қарай 33 шақырым жерде орналасқан. Мегаполисте жер асты дүмпулері 3 балл шамасында,ал Талғарда 4 баллға дейін сезілген еді.