Білім

Ақмола облысындағы мешітте жарылыс болды

Nov 17, 2024 IDOPRESS
Ақмола облысы Қорғалжын ауданындағы бұрынғы мешітте газ жарылып,үш адам қаза тапты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz т

Ақмола облысы Қорғалжын ауданындағы бұрынғы мешітте газ жарылып,үш адам қаза тапты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақмола облысы Қорғалжын ауданындағы бұрынғы мешітте газ жарылып,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төтенше жағдай Сабынды ауылындағы бұрынғы ауылдық мешіт ғимаратында жерлеу рәсімі өтетін жерде болды.

Облыстық төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша,газ-ауа қоспасы жарылып,кейін опырылған. Оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар алты газ баллонын шығарды. Жалпы ғимаратта жеті газ баллоны болған.

Оқиға салдарынан 1978 жылы туған ер адам қайтыс болды. Үйінді астынан құтқарушылар 1983 жылы туған әйел мен 2012 жылы туған баланың денесін тапты.

Жедел жәрдем бригадасы зардап шеккен 16 адамды Астана қалалық ауруханасына жеткізді.

"Қазір құтқарушылар үйінділерді тазартып жатыр. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінен жеке құрамның 30-ға жуық адамы мен 5 бірлік техникасы,сондай-ақ жедел-құтқару жасағы,апаттар медицинасы орталығы,оның ішінде психологтар,қаланың кинологиялық қызметі бар",- деп хабарлады Ақмола облысы Төтенше жағдайлар қызметінің баспасөз қызметі.


Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің базасында жедел штаб құрылды,сенім телефоны 8 716 25 20950.