Білім

Қазақстанда қай жолдар жабық?

Nov 15, 2024 IDOPRESS

"ҚазАвтоЖол" мәліметінше,ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар республикалық маңызы бар тасжолда көлік қозғалысына шектеу енгізіледі,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҚазАвтоЖол" мәліметінше,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ауа райының бұзылуына байланысты мына республикалық тасжолдарда көлік қозғалысына шектеу қою жоспарланған:

Жамбыл облысы:

2024 жылғы 13 қарашада сағат 13:00-де республикалық маңызы бар "Алматы-Ташкент-Термез" автожолының 159-238 шақырым аралығында (Отар ауылынан Қайнар ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына;

2024 жылғы 13 қарашада сағат 13:00-де республикалық маңызы бар "Алматы-Ташкент-Термез" автожолының 535-593 шақырым аралығында (Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін) жүк көліктерінің қозғалысына.

Түркістан облысы:

2024 жылғы 13 қарашада сағат 13:00-де республикалық маңызы бар “Алматы-Ташкент-Термез” автожолының 593-620 шақырым аралығында (Жамбыл облысының шекарасынан Тұрар Рысқұлов ауылына дейін) жүк көліктерінің қозғалысына.