Абай облысында прокуратура жалған дипломмен жұмысқа орналасқан "Семей орманы" МОТР қызметкерлерін анықтады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы жоғары оқу орындарын бітіргені туралы жалған дипломдармен жұмыс істеген Резерваттың 5 қызметкерін,оның ішінде бір филиал басшысын анықтады.
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеттің мәліметіне сәйкес аталған қызметкерлерге диплом берілмеген.
Осы фактілер бойынша ҚК 385-бабының 3-бөлігі (жалған құжаттарды жасау,дайындау немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталып,материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін полицияға жолданды.