Білім

Шымкентте 5,3 мың қыз АПВ қарсы екпе қабылдаған

Nov 11, 2024 IDOPRESS
Қазан айының басынан бастап Қазақстанда жатыр мойны обырының негізгі себебі болып саналатын адам папиллома

Қазан айының басынан бастап Қазақстанда жатыр мойны обырының негізгі себебі болып саналатын адам папилломавирусына (АПВ) қарсы қыздарды жаппай вакцинациялау басталған еді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше,қазіргі уақытта ел бойынша 57 мыңнан астам қыз,АПВ-ға қарсы вакцина алған.

Қазан айының басынан бастап Қазақстанда жатыр мойны обырының негізгі себебі болып саналатын адам папилломавирусына (АПВ) қарсы қыздарды жаппай вакцинациялау басталған еді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше,АПВ-ға қарсы вакцина алған.

Түркістан облысы вакцинация бойынша көш бастап тұр. Мұнда 12 мыңнан астам мектеп оқушысына екпе салыныпты. Ал,Шымкентте 5,3 мың қыз екпені қабылдаған. Денсаулық сақтау министрлігі бір айдағы статистиканы жоғары көрсеткіш ретінде бағалап отыр. Алайда,елімізде жатыр мойны обырынан болатын қайғылы оқиғаны азайту үшін,әлі де ауыл-аймақтарда хабарландыру жұмыстарын тоқтатпау керек. Осы ретте,министрлік өкілдері мектептер мен денсаулық мекемелерінде түсіндірме жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуді қолға алған. Соның бірі №52 мектеп-лицейнде өтті.

Жиын тек пікір алмасу форматында ғана емес,тәжірбие алмасу бойынша да ұйымдастырылған. Білікті мамандар дәрігерлермен кездесіп,ашық сабақ өтті. Бұған дейін алыс-жақын шетелдерден келген қонақтардың презентациялары таныстырылып,жалпы жұмыс барысы көрсетілді. Ал,Тәжікстан республикасынан келген делегация Қазақстанда АПВ-ға қарсы вакцинациялауды өз көздерімен көріп,мамандармен кездесті. Айту кету керек,бұл іс-шара Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен ҚР ДСМ-нің АПВ-ға қарсы вакцинациялауды енгізу жөніндегі жұмыс тобының бастамасымен жүзеге асырылуда. Бұған дейін жауаптылар нормативтік-құқықтық базаны жаңартып,стратегияларды әзірлеген. Халыққа және медицина қызметкерлеріне арналған білім беру материалдарын жасаған. Сондай-ақ ұлттық және субұлттық деңгейлерде әлеуетті арттыру бойынша бірқатар іс-шаралар өткізген. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігіндегі вакцинамен басқарылатын инфекцияларды бақылау басқармасы басшысы Нұршай Әзімбаева айтты.

Адам папилломавирусына қарсы вакцинада әуелі ата-ананың келісімі қажет. Сол үшін вакцинация мектептердегі медициналық кабинеттерде ата-аналардың міндетті ақпараттандырылған келісімімен жүргізіледі. Сол үшін жиындардың басым көпшілігіне ата-аналардың қатысуымен өтеді. Айта кету керек,ата-аналардың қалауымен екпені тіркелген емханаларда да алуға болады. Денсаулық сақтау министрлігінің мамандары АПВ-ға қарсы вакцинация жатыр мойны және басқа да онкологиялық аурулардың тиімді алдын алу шарасы екенін айтты. Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі,вакцинациядан кейін жағымсыз реакциялар бүгінге дейін бірде-бір оқиға тіркелмегенін атап өтті.

Суреттер: Шымкент қаласы ІСБ