Ақмола облысында полиция вандализм жасаған күдіктіні анықтады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заңбұзушылық 26 қазанда тіркелген. Ұлы Отан соғысының жауынгерлеріне арналған ескерткіш бүлініп,тақтайшалар жұлынған. Полиция оқиға орнына барып,тексеру жүргізіп,соталды тергеуді бастағаны айтылды.
"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 38 жастағы жергілікті тұрғын анықталды. Ұсталған күдікті жасаған іс әрекетін мойындады. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 294-бабы бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр",- делінген хабарламада.
Оқиғаның барлық мән-жайы анықталады.