Білім

ІІМ-де жаңа департамент пайда болды

Nov 4, 2024 IDOPRESS
Мемлекет басшысының киберқылмысқа қарсы күресті күшейту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде ІІМ-де ки

Мемлекет басшысының киберқылмысқа қарсы күресті күшейту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде ІІМ-де киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі жаңа бейінді департамент құрылды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ІІМ мәліметінше,департамент киберқылмыстарды анықтау және ашу және олармен күресудің стратегиялық қадамдарын әзірлеумен айналысады.

"Технологиялардың қарқынды дамуы және интернет-қатерлер санының артуы жағдайында мамандандырылған бөлімше құру қазіргі заманның сын-тегеуріндеріне неғұрлым тиімді жауап беруге мүмкіндік береді",- деді ішкі істер министрі Ержан Сәденов.

Жаңа департаменттің бастығы болып осы салада айтарлықтай тәжірибесі бар полиция полковнигі Жандос Сүйінбай тағайындалды,деп толықтырды ІІМ.