Білім

Бишімбаев ісіне қатысты “100 миллиондық пара“: сотталушы соңғы сөзін айтты

Oct 29, 2024 IDOPRESS
Айыптаушы тараптың айтуынша,100 миллион теңгеге бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың жаза

Айыптаушы тараптың айтуынша,100 миллион теңгеге бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың жазасын жеңілдетуді ұсынған әйел Людмила Грачева сотта соңғы сөзін айтты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айыптаушы тараптың айтуынша,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әйел қамаудағы жағдайға шағымданды.

"Қамауға алынған осы алты айда мен тергеуші,құқық қорғау органдары,қазір отырған мекеме тарапынан психологиялық қысым көрдім. Мен камерада 24/7 бейнебақылауда отырмын. 8 адам ұсталатын камерада әрқайсына екі шаршы метр қажет. Ересектер мен балаларды өлтірушілермен бірге отырғызды,шын мәнінде өз өмірім үшін күресуім керек. Мұның бәрін құқық қорғау жүйесі соталды тергеу сатысында адамның психологиялық күйзеліске ұшырауы және қорқуы және мойындауы үшін жасайды",- деді Грачева сотта.

Сотталушы өз балалары туралы да айтты.

"Бірнеше ай бойы адвокаттарым маған балаларымның хаттарын әкеліп беріп отыр. Себебі кездесуге тыйым салынған. Мен екі туған күннен қалдым. Бұл балалар үшін ешқашан қайталанбайтын ең маңызды күндер. Олар менің қоңырауымды күтті,құттықтауымды. Тергеушінің рұқсатымен телефон соғуға құқығым бар. Бірақ одан да бас тартылды. Қамауға алынғаннан бері бәрінен айырды",- деп қосты ол.

Еске салайық,прокурор Қуандық Бишімбаевтың жазасын 100 миллион теңгеге жеңілдетуге көмектесуді ұсынған әйелді 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.