Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарға ауа райына байланысты ескерту жасады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазгидромет" болжамдарына сәйкес,ауа райы нашарлайды: қатты жауын-шашын,ауа температурасының төмендеуі,желдің күшеюі,боран,көктайғақ,тұман.
ТЖМ қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді:
"Дауылды ескерту жариялаған кезде,әсіресе қараңғы уақытта алыс жерлерге сапарға шығудан бас тартып,жаяу жүруден аулақ болыңыздар. Ауа райы жағдайы мен автожолдардағы көлік қозғалысының шектеулері туралы ақпаратты бақылаңыздар",- делінген хабарламада.
Еске салайық,бұған дейін "Қазгидромет" қарашада бір ай бойы қатты жел,бұрқасын,көктайғақ және тұман күтілетінін болжаған болатын.