Білім

Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман мен көктайғақ болады

Oct 27, 2024 IDOPRESS

"Қазгидромет" Қазақстанның 12 облысы мен Астанада күтіліп отырған тұман мен көктайғаққа байланысты дауылды ескерту жариялады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" Қазақстанның 12 облысы мен Астанада күтіліп отырған тұман мен көктайғаққа байланысты дауылды ескерту жариялады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада түнде және таңертең тұман түседі.

Ақтөбе облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі.

Ақмола облысының батысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың оңтүстік-батысында және шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады,екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысының солтүстігі мен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстікте шығыстан жел соғады,облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі.

Қарағанды ​​облысының батысында,солтүстігінде,шығысында түнде және таңертең тұман түседі.

Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен батысында тұман түседі.

Күндіз Қызылорда облысының басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан,батыстан соғатын жел күндіз облыстың оңтүстігінде - 15-20 м/с.

Түнде және таңертең батыста,Маңғыстау облысының орталығында тұман түседі.

Павлодар облысының солтүстігінде түнде тұман түседі. Таңертең оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні - 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында тұман түсіп,көктайғақ болады.

Түркістан облысының батысында және солтүстігінде күндіз найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың таулы аймақтарында тұман түседі. Солтүстікте күндіз оңтүстік-батыстан соғатын жел облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с.

Күндіз солтүстікте,Ұлытау облысының орталығында кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең шығыста,облыс орталығында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.