Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы" Жарлыққа қол қойды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
1. Отандық ғылымды дамытудағы айрықша жетістіктері,сондай-ақ қоғамдық қызметтегі аса үздік еңбегі үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы беріліп,айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" КеАҚ вице-президенті Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлына тапсырылды;
2. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы беріліп,айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені Алматы қаласы,"№4 арнайы мектеп-интернат" КММ мұғалімі Нұрпейісова Гүлжанар Молдакерімқызына және Орал қаласы,"Асан Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназия" КММ мұғалімі Траисова Эльмара Асқарқызына тапсырылды;
3. Өндірістік қызметтегі ерекше еңбегі үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы беріліп,айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз Қарағанды облысы,"Шахтерское" ЖШС директоры Прокоп Георгий Георгиевичке тапсырылды.