Жексенбіде кешке Астананың оң жағалауында екі көлік соқтығысып жол-көлік оқиғасы болды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиғаның егжей-тегжейі туралы елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
"20 қазанында Renault Duster маркалы автокөліктің жүргізушісі Кенесары көшесі – Республика даңғылының қиылысынан бағдаршамның тыйым салынған түсіне өтіп,Chevrolet Nexia маркалы автокөлікпен соқтығысқан",- делінген хабарламада.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан Chevrolet Nexia көлігіндегі жолаушы зардап шеккені айтылады.
Оқиға орнында полиция тобы жұмыс істеп,тергеу амалдары жүргізіліп жатыр,деп хабарлады баспасөз қызметі.