Білім

Қарағандыда аға уәкілетті өкіл азаптау үшін сотталды

Oct 20, 2024 IDOPRESS
Қарағандыда аға уәкілетті өкіл азаптау іс-әрекеттері үшін сотталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прок

Қарағандыда аға уәкілетті өкіл азаптау іс-әрекеттері үшін сотталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

Қарағандыда аға уәкілетті өкіл азаптау іс-әрекеттері үшін сотталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот сотталған адамға қатысты азаптау іс-әрекеттерін жасаған Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің аға уәкілетті өкіліне қатысты үкім шығарды.

"Қызметкер Қылмыстық кодекстің 146-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып,1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ,оған 3 жыл бойы мемлекеттікқызметте және құқық қорғау органдарында қызмет атқаруға тыйым салынады",- делінген хабарламада.

Сотталушы "әділет капитаны" арнайы атағынан айырылды және ол жәбірленушілерге өтемақы төлеу қорына айыппұл төлейді. Мұндай қылмыстардың алдын алу мақсатында облыс прокуратурасы ҚАЖД қызметкерлері үшін сот процесін тікелей эфирде көрсетуді ұйымдастырған.

Соталды тергеп-тексеруді облыс прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы жүргізгені айтылды.