Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыповаға Жітіқарадағы бес баланың өліміне қатысты пікір білдірді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Өрт сөндірушілер жеткен кезде,өкінішке қарай,үйдің төбесі опырылып кеткен. Мен іссапарда жүрдім. Дегенмен департамент директоры іссапарға жіберілді,ол басынан аяғына дейін жүрді,жерлеу рәсіміне де қатысты. Тиісті қолдау шаралары көрсетілді",– деді министр.
Министрдің сөзінше,бұл отбасындағы балалардың тегі әртүрлі болған,ал аналары екі рет тұрмыс құрған.
"Бірінші некесінен үш бала,екінші некесінен екі бала. Ең кішісі бір жаста. Мамырда балалардың анасы көпбалалы ана деген атақ алып,Күміс алқа иесі атанған. Бірінші некеден ресми түрде ажырасқан. Жазда үш жүз мың теңгеден аса алимент алған. Әлеуметтік көмек екі тоқсан берілген. Ол жергілікті дүкенде жұмыс істеген,бірақ сол күні қалаға кеткен. Неге кеткені тергеу аясында айтылмайды. Бірақ сол күні үйге 1995 жылғы ер адам келіп,кешкі сағат тоғыз шамасында пеш жағып,кетіп қалғаны рас. Анасы оны балалар тоңып қалмасын деп жіберген",– деді ведомство басшысы.
Еске салайық,бұған дейін Қостанай облысында өрт шығып,бір үйдің бес баласы мерт болғаны хабарланды. Кейінірек жағдайды Бас прокурор бақылауына алды.