Білім

ҰҚК ауқымды арнайы операция жүргізді: 50 адам ұсталды

Sep 24, 2024 IDOPRESS
ҰҚК Қазақстанның тоғыз облысында арнайы операция жүргізіп,ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды,- деп ха

ҰҚК Қазақстанның тоғыз облысында арнайы операция жүргізіп,ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҰҚК Қазақстанның тоғыз облысында арнайы операция жүргізіп,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2024 жылғы 18 қыркүйекте ҰҚК,ІІМ және БП ведомствоаралық жедел-тергеу тобы Астана,Алматы және Шымкент қалаларында,сондай-ақ Ақтөбе,Атырау,Алматы,Жетісу,Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында тұрақты ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелерін ұстауға арналған операция жүргізді.

"Барлығы 50 адам ұсталып,ішкі істер органдарына жеткізілді. Оларға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Олар тауарлар мен автокөліктерді аса ірі көлемде ұрлау арнасын ұйымдастырды,сондай-ақ ұйымдасқан қылмысты қаржыландырды деп күдіктеліп отыр. 20-дан астам адамның сеніміне кіріп,2 миллиард теңгеден аса мүлік тонаған",- дпелінген хабараламада.

Топтың нақты иерархиясы мен қатысушыларының рөлдерінің бөлінуі болған,олар қылмыс пен деструктивті діни ортаның өкілдерінен,соның ішінде түзеу мекемесінде жазасын өтеушілерден құралған.

"Тінтулер барысында банк карталары,ірі ақша қаражаты,экстремистік әдебиеттер,ақша аударымдары жазылған жазбалар және тергеу үшін қызығушылық тудыратын өзге де заттар табылды".

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.