Алматыда Павлодарская көшесінің учаскесінде көлік қозңғалысы бір тәулікке шектеледі,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
21 қыркүйекте сағат 06:00 бастап 22 қыркүйектің сағат 14:00 дейін Алматының Жетісу ауданында автокөліктердің қозғалысы Павлодарская көшесінің бойымен №136 үйден бастап Мақатаев көшесіне дейін шектеледі. Қозғалыс екі жаққа қарай жабылады.
Уақытша шектеулер жалпы ұзақтығы 2 135 метрді құрайтын құбыржолды ауыстыру бойынша жаңғырту жүргізілген жолдың асфальт-бетон жабынын қалпына келтіру үшін енгізіледі. Бұл құбыржол 344 көппәтерлі тұрғын үйді,11 білім беру нысанын,3 денсаулық сақтау объектісін және 483 басқа нысанды жылу және ыстық сумен қамтамасыз етеді.
"Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз",- делінген "Алматы жылу жүйесі" ЖШС хабарламасында.