Білім

Қазақстанда алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Sep 20, 2024 IDOPRESS
\"Қазгидромет\" синоптиктері қазақстандықтарға алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын айтты,- деп хабарла

"Қазгидромет" синоптиктері қазақстандықтарға алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын айтты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" синоптиктері қазақстандықтарға алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын айтты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктердің айтуынша,алдағы үш күнде еліміздің оңтүстігінде жаңбыр жауып,найзағай ойнайды.

Метеорологтар ауқымды антициклон Қазақстанның басым бөлігін әлі де алып жатқанын атап өтті.

"Ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады. Тек еліміздің оңтүстік жартысы ғана циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында болады,яғни жаңбыр жауып,найзағай ойнайды",- делінген "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі хабарламасында.

Синоптиктер сонымен қатар республика бойынша жел күшейетінін ескертті.

Түнде және таңертең еліміздің солтүстік-батысында,солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі.

Қыркүйекте температура 2 градусқа төмендеп,күн суытады.