Білім

Қазақстанда “Криптон“ арнайы бөлімшесі құрылды

Sep 19, 2024 IDOPRESS
Қазақстанда цифрлық активтер саласындағы заңбұзушылықтарға қарсы арнайы бөлімше құрылды. Бұл туралы Алматы

Қазақстанда цифрлық активтер саласындағы заңбұзушылықтарға қарсы арнайы бөлімше құрылды. Бұл туралы Алматы Экономикалық тергеу департаменті (ЭТД) хабарлады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда цифрлық активтер саласындағы заңбұзушылықтарға қарсы арнайы бөлімше құрылды. Бұл туралы Алматы Экономикалық тергеу департаменті (ЭТД) хабарлады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше,Қаржы мониторингі агенттігінің құрылымында "Криптон" арнайы бөлімшесі құрылған. Ол цифрлық активтер саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күреседі және криптовалютаны заңсыз пайдалану жағдайларын зерттейді.

Алматы ЭТД басшысы Данияр Ақжановтың айтуынша,Алматыда құны 58,5 миллион доллардан асатын цифрлық активтерді айырбастауға қатысты алты қылмыстық іс тергеліп жатыр,134 интернет-ресурс бұғатталған.

"Криптовалюта транзакциялардың қауіпсіздігі мен жасырын болуын қамтамасыз ету үшін қолданылады. Оны еркін айырбастауға,тауарлар мен қызметтерді сатып алуға,екінші деңгейдегі банктегі кез келген валюта шоты арқылы айырбастауға және қолма-қол ақшаға айналдыруға болады. Ол пайдаланушылар арасында барған сайын танымал болып барады,сонымен қатар қылмыскерлердің назарын аударады,өйткені оны ақшаны жылыстату,терроризмді және басқа да қылмыстарды қаржыландыру сияқты заңсыз мақсаттарда пайдалануға болады",- деді Данияр Ақжанов брифингте.