Бүгінгі таңда Түркістан облысы бойынша 1 041 мектеп,сапасы мен қауіпсіздігі нормативті-құқықтық актілерге сәйкес болуы қажет. Бұл жайында Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышанов брифингте мәлімдеді.
"Білім беру нысандарындағы тамақтың сапасы,қауіпсіздігі,дайындалуы,жиһаздармен жабдықталуы,қызметкерлердің медициналық бақылаудан уақытылы өтуі,нысанның санитарлық-гигиеналық,техникалық жағдайын мүлтіксіз орындау - мектеп директорлары мен асханаларды жалға алып қызмет көрсетіп отырған кәсіпкерлердің міндеті. Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру - бұл үлкен жауапкершілік",- деді спикер.
Сондай-ақ,Нұрбек Садықбекұлы білім беру және тәрбиелеу нысандарындағы бірыңғай ас мәзірін Түркістан облыстық білім басқармасымен бекітілетінін жеткізді. Жалпы ас мәзірі әзірленетін кезде балалардың жас санаты,витаминдік-минералдық кешенмен байытылған тамақ өнімі екендігіне мән беріледі.
Сонымен қатар,мәзірде бірдей тағамдарды немесе аспаздық өнімдерді бір күнде және келесі екі-үш күнтізбелік күнде қайталауға жол берілмеуі керек.