Алматыда қалта ұрыларының ұйымдасқан қылмыстық тобы сотталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда прокурорлар "қалта ұрылары" ұйымдасқан қылмыстық тобының қызметіне тосқауыл болды.
"Прокуратураның үйлестіруімен соталды тергеп-тексеру жүргізіліп,ҰҚТ-ның көшбасшысы мен 11 мүшесі былтырғы қарашадан бері қоғамдық көліктерді торуылдап,азаматтардың құнды заттарын ұрлағаны анықталды. Орташа есеппен,қаскүнемдердің күнделікті қылмыстық табысы шамамен миллион теңге болған",- делінген хабарламада.
Сот үкімі бойынша,қылмыстық топтың 9 мүшесі ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталды. ҰҚТ-ның екі қатысушысына іздеужарияланып,оларға қатысты жеке тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.