Білім

Алматыдан Бішкекке дейінгі тасжол қашан аяқталатыны белгілі болды

Sep 7, 2024 IDOPRESS
Ұзынағаш-Отар тасжолының ең проблемалы учаскелерінің бірінде жұмыс жүргізіліп жатыр. Учаскені ІІ-ден I техни

Ұзынағаш-Отар тасжолының ең проблемалы учаскелерінің бірінде жұмыс жүргізіліп жатыр. Учаскені ІІ-ден I техникалық санатқа ауыстыру көзделген. Аталған жобаны қаржыландыру Дүниежүзілік банк арқылы жүзеге асырылып жатыр,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұзынағаш-Отар тасжолының ең проблемалы учаскелерінің бірінде жұмыс жүргізіліп жатыр. Учаскені ІІ-ден I техникалық санатқа ауыстыру көзделген. Аталған жобаны қаржыландыру Дүниежүзілік банк арқылы жүзеге асырылып жатыр,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көлік министрлігі мәліметінше,101 шақырымнан бастап Жамбыл облысының шекарасына дейінгі аралықтағы ұзындығы 11 шақырым болатын учаскеде негіздің жоғарғы қабатын және жабынның төменгі қабатын төсеу бойынша жұмыстар аяқталды. Қазіргі уақытта Ақтерек ауылы мен Жамбыл облысының шекарасы арасындағы учаскеде жаңа жабынмен қозғалыс қамтамасыз етілген.

"Аталған учаскенің бойындағы жолда жол таңбалары орнатылып,бір көпір салынды. Бұл көлік құралдарының қауіпсіз және үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етпек.

Жоба аясында жалпы екі көпір мен 55 су өткізгіш құбырды орнату көзделген. Қазір бір көпір салынып,35 су өткізгіш құбыр орнатылды. Аталған бағытта жұмыстар жалғасып жатыр",- делінген хабарламада.

Ұзынағаш – Отар автомобиль жолы еліміздің ең ірі мегаполисі – Алматы қаласын оңтүстік өңірлермен,сондай-ақ,Өзбекстан мен Қырғызстан сияқты көрші мемлекеттермен жалғайды.

Сонымен қатар,Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық көлік дәлізінің бөлігі бола отырып,Қазақстанның көлік жүйесінің маңызды буыны болып табылады.