Білім

Шымкентте танымал ішімдік брендтері қолдан жасалынған

Aug 28, 2024 IDOPRESS
Шымкентте белгілі брендтерді контрафактілік алкоголь өндірумен айналысатын жерасты цехы анықталды,- деп хаб

Шымкентте белгілі брендтерді контрафактілік алкоголь өндірумен айналысатын жерасты цехы анықталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Әділет министрілігіне сілтеме жасап.

Шымкентте белгілі брендтерді контрафактілік алкоголь өндірумен айналысатын жерасты цехы анықталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Әділет министрілігіне сілтеме жасап.

Бірлескен операция барысында Шымкент әділет және полиция департаментінің қызметкерлері контрафактілік алкоголь өнімдерін заңсыз өндіру мен өткізуді ұйымдастырған жергілікті тұрғынды ұстады.

Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәлидің айтуынша,күдікті танымал Absolut және "Зеленая марка" брендтерін,сондай-ақ "Айдабульская" және Qulan брендтерін де қолданған.

"Тінту нәтижесінде цехта шығу тегі белгісіз 3000 литр сұйықтық,сүзу және құю жабдықтары,сондай-ақ Absolut сауда белгісі бар 720 қақпақ және "Зеленая марка" сауда белгісі бар 1400 қақпақ табылды және тәркіленді. Ұсталғанға қарсы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 158-бабы бойынша бөтен тауар белгілерін заңсыз пайдаланғаны үшін әкімшілік іс қозғалды",- деді Талғат Уәли.

Іс материалдары сотқа берілді.

Фото: Әділет министрігі

Әділет министрлігі азаматтарға контрафактілік өнімдерді тұтынудан бас тарту керегін ескертті,өйткені оның құрамында денсаулыққа қауіпті улы заттар болуы мүмкін.