Былтыр күзде жоғалып кеткен Алматы тұрғыны тоғыз айдан кейін аман-есен табылды. Бұл туралы Lider.kz еріктілері Instagram парақшасында жазды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
1986 жылғы Куприянова Анна Александровна 2023 жылы 7 қарашада жоғалып кетті. Сағат 16:15 шамасында ол Қарасай ауданы,Ұмтыл ауылдық округі,Приозерное кенті,Озерная көшесі,51 мекенжайындағы үйден шығып кеткен. Осы уақыт ішінде жоғалған адамды іздеу жұмыстары нәтиже бермеген еді.
View this post on Instagram
A post shared by Волонтеры Алматы "LIDER.KZ" (@volontery_almaty_lider.kz)